Информационный портал Аппарата акима города Караганды
  • WEB
  • Сайт бойынша
15:01 23 Ақпан 2012

Қазақстан жаңалықтары

Облыстық сотта қоғамда қызу талқыға түскен істер бойынша БАҚ үшін түсініктеме берілді - Павлодар
27.01.2012

Акимат Павлодара ПАВЛОДАР. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облыстық соты БАҚ үшін баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды оның баспасөз қызметі.

Журналистерді облыс соттары қызметінің өткен жылғы қорытындыларымен таныстырды. Барлығы 53 мыңнан астам іс қаралды, бұл арғы жылмен салыстырғанда 1 231 іске көп.

 «Арғы жылмен салыстырғанда, бас бостандығынан айыру жазасына кесілген тұлғалар саны 39,5 пайызға төмендеді. Егер 2010 жылы бас бостандығынан 910 адам айырылса, өткен жылы олардың саны 547 адам болған», - деп атап өтті облыстық соттың төрағасы Әуезнұр Қаженов.

 БАҚ өкілдері болып өткен мәслихаттарға кезектен тыс сайлау және дайындалып жатқан лаңкестік актілері туралы көрінеу жалған хабарламалармен байланысты істерге үлкен қызығушылық танытты.

 Журналистерді күшіне енген «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық» Заңымен, Республиканың Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына енгізілген өзгертулер және толықтырулармен таныстырды.

  << Жаңалықтарға оралу

Таратулар

Қала өмірінен және атқарушы билік органдарынан жаңалықтарды таратуға жазылу

Ауа-райы

Караганды   -25
бұлтты
Жел Ю-З , 1 м/с

Валюта бағамы

АҚШ доллары   148.01
Еуро   195.67
Ресей рублі   4.97

Дауыс беру

Сайтты жаңарту жеделдігін Сіз қалай бағалайсыз?
Дауыс беру
Герб города Караганды
© 2007 - 2011 Қарағанды қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы
Система Чиновник Креатида
© 2011 Әзірлеген және қолдаған:
«Creatida» Интернет-компаниясы