Қызылорда облысында «Жаяу жүргіншілер» атты алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр 27.01.2012
ҚЫЗЫЛОРДА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында «Жаяу жүргіншілер» атты алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.
Іс-шара аясында ағымдағы жылдың қаңтар айының 21-26 жұлдыздары аралығында облыс көлемінде жол қозғалысы ережесін бұзғандар саны 1564 болса, оның ішінде 18-і автокөлікті спирттік ішімдік ішіп басқарғандар, 270-і ұялы телефон қолданғандар, 302-і қауіпсіздік белдігін тақпағандар, 252-і жылдамдықты шектен тыс асырғандар, 45-і автокөлікті қарама қарсы бағытқа шығарып басқарғандар, 82-і жаяу жүргіншілерге жол бермегендер, 8-і автокөліктің терезелерін қараңғылатып басқарғандар. Ал 60 жаяу жүргіншіге белгіленбеген жерден жолды кесіп өткендері үшін хаттама толтырылған.