16 Ақпан 2012 - «Ақ қыс - 2012»
2012 жылдың 10-11 ақпаны күндері Қарағанды қаласында облыс қалалары арасындағы дәстүрлі IX «Ақ қыс - 2012» қысқы Спартакиадасы болып өтті. Спартакиада бағдарламасына келесі спорт түрлері енді: коньки спорты, шаңғы эстафеталары, қысқы Президенттік көпсайыс және допты хоккей.
Спорт түрлері бойынша құрама командалардың қатарына Қарағанды қаласының төмендегідей үздік спортшылары енді: полиатлон бойынша спорт шебері, «Қарағанды-Сұрыптау» ст. тепловоз машинисі – Николай Куяниченко, спорт шеберлігіне үміткерлер, машинист көмекшісі – Медет Әбікен, БЖСМ жаттықтырушысы – Марьенко Светлана, №17 орта мектептің мұғалімі – Чернокунь Светлана, шаңғымен жүгіруден спорт шебері, БЖСМ жаттықтырушысы – Гришин Сергей, шаңғымен жүгіруден спорт шеберлігіне үміткерлер – Караваев Виталий, Гудовская Марина және т.б.
Нәтижесінде, Спартакиада бағдарламасына енген жарыс түрлерінің барлығына толық құраммен қатыса отырып, Қарағанды қаласының құрама командасы I жалпыкомандалық орынды жеңіп алды.
10 ақпан күні Қарағанды техникалық университетінің спорт залында жасөспірімдер арасында шағын футболдан «Студенттік Лига» - Қарағанды қаласының Чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысына сәйкес, I орынды Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ командасы жеңіп алса, II орынға ҚарМТУ командасы иеленді, ал «Болашақ» университетінің командасы III орынға тұрақтады.



