Қарағанды қаласы облыстың ірі индустриалды-өнеркәсіпті, ғылыми және мәдени орталығы болып табылады. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылды.
Қарағанды қаласынан Астана қаласына дейінгі арақашықтық – 222 км. Қала аумағы 497,8 шаршы метрді құрайды. 2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғындар саны 475,2 мың адамды құрады. Әкімшілік-аумақтық құрылым екі ауданмен ұсынылған: 266,43 мың адам тұрғыны бар Қазыбек би атындағы аудан және 231,37 мың адам тұрғыны бар Октябрь ауданы.
Қала аумағында 113 ұлттың өкілдері тұрады. Қарағанды қаласының бедерлі аумағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына енеді және Кенгіз-Балқаш су бөлу кеңістігі шегінде болып табылады. Жалпы алғанда, телім бедері ұсақ шоқылармен күрделенген толқынды жазықтық болып келеді. Солтүстігінде төмен ұсақ шоқылар кездеседі.
Қалған аумақ жазық бедер ретінде сипатталады. Гидрографиялық жүйе Кіші және Үлкен Бұқпа, Соқыр, Солонка, Безымянка, Федоровка су қоймасы, Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы көлмен және төрт Көгілдір көлдермен берілген.Қала климаты ыстық құрғақ жаз және қатал ұзақ қыспен сипатталады. Қарағанды қаласының экономикасы мамандандырылған өндірістік, өңдеуші, тау-кен өндіруші салалары, өнеркәсіп және электр энергиясын тарату салаларына ие.



